«Terran 1» инновациялық зымыраны ұша алмай қалды
Әлемде алғаш рет 3D принтерде басылып жасалған зымыран ұша алмай қалды.
«Тэрран 1»-дің қозғалтқышы істен шығып, орбитадан әрі аспаған. Жалпы, бұл зымыранның бағы ашылмай-ақ қойды. Бұған дейін де техникалық ақауға байланысты ұшуы 2 рет кейінге шегерілген еді. Ал бұл –үлкен шығын. Бір ұшыру операциясына шамамен 12 млн доллар жұмсалады. Бірақ зымыранның өзі 3Д технологиямен 2-ақ айда жасалады және аз шығын кетеді.