Оңтүстік Кореяда шие гүлдей бастады
Кореяда потккот – шиенің гүлдеу кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл өскіндер ерте бүр жарған. Әсіресе оңтүстік өңірлерде жайқалып тұр. Бір ғана Кванджу қаласына осы кереметті тамашалау үшін мыңдаған турист келеді. Осы мезгілде әр қалада фестивальдер өтеді. Шиенің гүлдеу кезеңі шамамен 2 аптаға созылады. Кванджу қаласында биыл шие дәл Наурыз мейрамында гүлдеді. Сондықтан қаладағы қазақтар да бас қосып, мәре-сәре.
Әлия Қожабергенова, Кванджу тұрғыны:
- Бұл шиені жемейді негізінде, тек әдемілік үшін түсіріледі. Әр мезгіл сайын бұл жерде гүлдейтін талдар бар. Өсетін өзінің әдемі гүлдері бар. Кәрістер бұл жерге көбінесе суретке түсіруге келеді. Өзіңді әдемілеп, мына жерде біз болдық, мына жер әдемі, келіңдер бұл жерге, осы жере суретке түсейік, мына жер әдемі көрінеді деп келеді.