АҚШ-тың федералды қор жүйесі базалық мөлшерлемені көтерді
АҚШ-тың федералдық қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 процентке көтерді.
Сөйтіп, бұл меже 2007 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Елде банк жүйесінде де жағдай ушығып тұр. Таяуда бірнеше қаржы мекемесі жабылды. Оған федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлермені көтеруі себеп болуы мүмкін. Бірақ соған қарамастан билік қаржы-несие саясатын қатаңдатуға тура келгенін айтып, "бұл инфляцияны тежеу үшін қажет" дейді.