Ұлыбританияда азық-түлік қымбаттады
Ұлыбританияда азық-түлік пен электр қуаты қымбаттады.
Соңғы көрсеткіштерге қарасақ, оның бағасы екі есе өскен. Кәсіпорындар өнім өндіруге үлгермей жатыр. Бұл туралы Корольдіктің бюджеттік жауапкершілік басқармасы мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, қазір британдықтардың айлығы аз. Олардың әлеуметтік жағдайы тек 3-4 жылдан кейін қалыпқа келуі мүмкін. Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы ел экономикасына кері әсер еткен. Қаржы нарығындағы табыс 4 пайызға кеміген. Елде инфляция күн санап өсіп келеді. Қазір оның деңгейі 11 пайыздан асты. Мұндай жағдай кейінгі 40 жылда болған емес.