Британияда қоғамдық орында ішімдік ішуге шектеу қойылды
Ұлыбританияда қоғамдық жерлерде ішімдік ішуге шектеу қойылмақ.
Ел премьер-министрі Риши Сунак автобус аялдамаларында және ескерткіштер алдында ішімдік ішкендер жауапқа тартылатынын айтты. Бұл елде тәртіпсіздіктерді азайту мақсатында жасалып отыр. Есірткі пайдаланғандарға да айыппұл салынып, нашақорлықпен күрес күшейтілмек. Ал қабырғаларға сурет салып, көшеге темекі тұқылы мен сағыз тастайтындарды 48 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылып отыр. Қоғамдық тәртіпті күзету шараларына қосымша қаражат бөлініп, полицияға 20 мыңға жуық қызметкер алу жоспарда бар.