Пенсильвания штатындағы зауытта болған жарылыстан 4 адам қаза тапты

Пенсильвания штатында шоколад жасайтын зауыттағы жарылыстан құрбан болғандар саны 4 адамға жетті.

Тағы 3 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұдан басқа, бірнеше кісі жарақат алған. Жарылыс Уест-Редиң қаласында 24 наурызда болды. Зауыт ғимаратының жартысы жанып кеткен. Қазір іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.

Уейн Холбен, полиция басшысы:

- Құтқарушылар тобы жарылыс болғалы күн-түн демей дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Үйінді астынан төртінші адамның жансыз денесі табылды. Біз бұл операцияны аяғына дейін жеткіземіз, орта жолдан тастамаймыз. Сіздерден дұға қылуды сұраймыз.