Венгрия Финляндияның НАТО-ға мүшелігін қолдады
Мәселе елдің парламентінде қарастырылып, оны депуттардың 182-сі жақтап дауыс берді.
Тек 6 адам қарсы шықты. Бірақ венгр парламенті Швецияның одаққа кіруін талқылауды кейінге қалдырды. Осылайша Финляндия НАТО мүшелігіне бір табан жақындады. Елдің альянстың қатарына толық қосылуына тек Түркияның рұқсаты керек.
Тамаш Менцер, Венгрия Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы:
- Менің ойымша, Финляндияның мүше болуы НАТО-ны нығайта түседі. Бұл мемлекет Солтүстік альянстың барлық талабына сай. Финляндия НАТО-ның құндылықтарын қолдайды. Қарулы күштері де одақ әскерімен үнемі ынтымақтасып, әрекет етіп келеді.