Ресейде иттің кейбір тұқымдарын серуендету ережесін бұзғандар қатаң жазалануы мүмкін
Ресейде иттердің кейбір тұқымдарын серуендету туралы ережені бұзғандар енді қатаң жазалануы мүмкін.
Салпанқұлақтың қарғы мен тұмылдырығы болмаса, иесіне 1 мыңнан 3 мың рубльге дейін айыппұл салыну керек делінген жаңа қаулыда. Қазір мұндай ереже Ресейдің кей аймақтарында ғана бар. Көрші елде қауіпті иттердің тізімі 4 жыл бұрын жасалған. Олардың ішіне акбаш, бразилия бульдогы сияқты 12 тұқым енгізілген. Былтыр бұл елде иттердің адамдарға 42 мың рет шабуылы тіркеліпті.
БЛИЦ:
1.Айыппұл салуды енгізу қажет. Өйткені әртүрлі ит бар. Иесі итінің адамға шабатынын білсе әрине аузына тұмылдырық тағуы керек. Себебі адамдар физикалық қана емес психикалық та жарақат алуы мүмкін.
- Егер азамат жауынгерлік иттпен тұмылдырықсыз жүрсе міндетті түрде айыппұл салу қажет деп ойлаймын.