Австрияны қуаңшылық қыспаққа алды

Австрияны қуаңшылық қыспаққа алды

Австрия құрғақшылықтан жапа шегіп жатыр.

Жаңбырдың жоқтығынан жерасты суларының қоры едәуір азайып кеткен. Ал Цикзее көлі толығымен құрғап қалған. Климатологтардың айтуынша, биыл жауын-шашын мөлшері нормадан 3 есе аз түскен. Ал Италияда 2 есе аз. Бұл кәрі құрлық елдерінің басым бөлігіне зардабын тигізуі мүмкін. Сондықтан қазір аймаққа жауын көп жауғаны қажет, дейді мамандар.