АҚШ-та торнадо жиілеуі мүмкін
АҚШ-та ғаламдық жылынудан торнадо мен бұршақты жауын тудыратын бұлттар жиілеуі мүмкін.
Америка метеорологиялық қоғамының зерттеулері осыны көрсетеді. Ғалымдардың пайымынша, алапат құйындар климаттың өзгеруінен 6,6 пайызға, ал ауқымы 25 процентке ұлғаймақ. Дауылдардан, әсіресе, Орталық Оңтүстік штаттар көп зардап шегеді деген болжам бар. Мамандар бұл өзгерістерді ғаламның көміртекпен ластануын компьютерлік модельдеу арқылы зерттей келе байқаған.
Уокер Эшли, Солтүстік Иллинойс унивеситетінің профессоры:
-Торнадо мен бұршақты жауын көбіне осындай бұлттардан пайда болады. Олар аса үлкен болмағанымен өте күшті болады. Зерттеулер бұл табиғи құбылыстар қазір күш алып, жиілеп келе жатқанын көрсетіп отыр.