Мексиканың мигранттар орталығынан шыққан өрттен 37 адам көз жұмды

Мексиканың мигранттар орталығынан өрт шығып, 37 адам көз жұмды. 

Тағы 100 шақты келімсек газға уланып, ауыр хәлде жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, ғимаратты мигранттардың өздері жағып жіберді деген болжам бар. Осылайша олар орталықтан қашпақ болған. Босқындардың АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғаны анықталды. Сол үшін Мексика билігі осы орталықта мәжбүрлі түрде ұстаған. Алдағы уақытта қайғылы оқиға құрбандарының саны артуы мүмкін.