Оңтүстік Африкада әжелер футбол ойнайды
Оңтүстік Африкада әжелер арасында футболдан Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халықаралық деңгейдегі жарысқа 32 команда қатысты. Доп теуіп жүргендердің көбі – 55 жастан асқандар. Жарысты әйелдер арасындағы салауатты өмір салтын дәріптейтін қауымдастық ұйымдастырған. Футбол ойнайтын әжелердің барлығы денсаулығы жақсарғанын айтады.