Эквадорда апат құрбандарының саны артты
Эквадордың оңтүстік-орталығындағы лай көшкінен көз жұмғандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үйінді астынан 6 жастағы қыздың мүрдесі табылды. Сондай-ақ 67 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Алауси қаласында лай көшкіні кемінде 50 үйді басып қалған. 2 күннен бері жалғасып жатқан іздеу-құтқару операциясына 300-дей маман тартылған.
Бұған дейін 32 кісі құтқарылған. Бірақ жауын-шашын жұмысқа кедергі келтіріп жатыр.
Кристиан Торрес, құтқарушы:
- Құтқарушылар жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатсын деп арнайы орталық құрдық. Операция сәтті жүру үшін бізге осы өңірді жақсы білетін, жөн сілтей алатын адамдар өте қажет. Барымызды салып жатырмыз.
Лай көшкіні Бразилияға да қауіп төндіріп тұр. Солтүстік-шығыс аймақтағы елді мекен тұрғындары үйлері жермен жексен болады деп алағдаулы. Себебі жырықтардың тереңдегі 70, ал ені 500 метрге жеткен. Өңірдегі халық қауіпсіз жаққа көшкісі келеді. Бірақ қаржы мәселесі қолбайлау болып тұр.
Мария де Аленкар, зейнеткер:
- Мына жырықтардың ауқымы кеңейген сайын, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық. Күнде құлаған жер қыртысының дауысын естіп, мазамыз қашады. Кейде тіпті тереземіз шытынайды. Құдайға жалбарынудан басқа қолдан келер шара жоқ.