Грекияда полиция лаңкестіктің алдын алды

Грекияда террорлық әрекеттер ұйымдастырмақ болған 2 адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр. Олар Афинадағы еврей мейрамханасы мен тағы бірнеше нысанға шабуыл жасамақ болған. Қамауға алынғандар Грекияға Пәкістаннан 4 ай бұрын заңсыз жолмен келген екен. Тергеу олар лаңкестік топтың мүшелері болуы мүмкін деп отыр.