Рим папасы ауруханаға түсті
Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Понтифик тыныс алу жолының инфекциясына шалдыққан. Ватикан бұл «Ковид-19» індеті емес деп мәлімдеді. Католик шіркеуінің басшысы ауруханада бірнеше күн емделеді.
Жалпы, 86 жастағы діндардың денсаулығында кінәрат көп. 2 жыл бұрын оның асқазанына операция жасалған еді.