Чили тұрғыны құс тұмауын жұқтырды

Чили тұрғыны алғаш рет құс тұмауын жұқтырды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Вирус 53 жастағы ер адамнан анықталған. Науқастың жағдайы ауыр инфекцияны қандай жағдайда жұқтырғаны әзірге белгісіз, - дейді дәрігерлер.

Бұған дейін Чили үкіметі құс етін экспорттауға шектеу қойған еді. Індет Латын Америкасының бірнеше еліне тараған.

Химена Агилера, Чилидің Денсаулық министрі:

- Құс тұмауы елдің солтүстігіндегі қала тұрғынынан анықталды. Науқастың өкпесі қабынып, тыныс алуы қиындаған. Сараптама нәтижесі Мемлекеттік денсаулық сақтау институтына жіберіліп, дәрігерлердің күдігі толығымен расталды. Қазір эпидемиологиялық топ инфекцияның жұғу себебін зерттеп жатыр.