Қазақстандық фермерлер Германияда тәжірибе алмасады
Қазақстандық фермерлер Германияда тәжірибе алмасады. Ауыл шаруашылығы саласына жасыл технологияларды енгізіп, одан пайда табуды үйрену – басты мақсат.
Айта кетейік, Германия - жаңартылған энергия тиімділігі саласында орасан зор тәжірибесі бар мемлекет. Бүгінгі таңда күн, жел және биомасса,, елге қажетті электр энергиясының 50 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Бұл көрсеткішті неміс мамандары 2030 жылға дейін 80 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, елде отын энергиясынан толықтай арылған елді мекендер де бар. Олар жасыл энергияны пайдаланып қана қоймай, оны сатумен де айналысады.
Ербол Есенеев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы:
- Біздің елдің көрсеткіші әлде қайда төмен 5% аспай отыр. Сондықтан біздің басқы мәсәлеміз осы елдің тәжирибиесің көру, үйрену. Қазіргі кезде күннен күнге энергия бағасы өсіп бара жатыр, оған шаруаларының қосымша пайда көретін жолдары бар екен. Соны көрсетуге арнайы келдік. Оған қоса әсіресе шалғайда тұратын шаруалар мына электро жүйеге қосылмай жүрген шаруаларға ол тағы бір жолы. Сондықтан, осы саланы дамытуға бизнесті де үкімет саласынан беріп жатқан демеуді де осы жақа бұру керек.