Сібірдің пайдасы: Якутияда өсімдіктердің генетикалық орталығы ашылады
Мәңгілік мұзды аймақ Якутияда өсімдіктердің генетикалық ресурстарын зерттейтін ұлттық орталық құрылады.
Осылайша ресейлік ғалымдар 1 миллион ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын жылдар бойы сақтауды жоспарлап отыр.
Осындай криобанк арқылы 450 мың дәнді дақылдың тұқым үлгісін сақтауға болады. Бұл Кубань қаласындағы қойма мамандарының тәжірибесі. Ал мына якут базасында - дәнді дақыл, бұршақ тұқымдастың 13 мың үлгісі бар. Мұзды өлкедегі ғалымдар енді энергия шығынынсыз салқын жағдайда дәнді дақылдарды сақтауды көздеп отыр.
Евгений Язев, Саха Республикасы Ғылым академиясының жетекші ғылыми қызметкері:
- Салқындату табиғи жолмен іске асады. Қоймаларда желдеткіш бар. Суық және жылы ауаның балансын сақтауға болады. Біз 8 градус нөлден төмен температураға қол жеткіздік.
Мұндай тұқым қоймасының міндеті - генетикалық ресурстарды сақтап, ықтимал апаттарда ауылшаруашылық және жабайы дақылдардың жойылуына жол бермеу және жаңа тұқымды өсіру. Мәселен, өткен жылдың басында ғалымдар осы жерде жарты ғасырдай сақталған дәнді егіп өніп шығарды
Борис Кершенгольц, РҒА Сібір бөлімінің бас ғылыми қызметкері:
- Ең ескі тұқымдар 45 жыл бұрын қоймаға әкелінген. Олар 80% қасиетін сақтайды. Оның ішінде генетикалық, физиологиялық, тұқымдық ерекшеліктері өзгеріссіз тұрады. Олар толыққанды өнім береді.
Бұл аймақта енді Өсімдіктердің генетикалық ресурстар ұлттық орталығы ашылмақ. Яғни Якутияда 1 миллион үлгіге арналған резервтік қойма құрылады. Ерекшелігі сол сумен жабдықтауды да, электр энергиясын да қажет етпейді. Айта кетерлігі, ресми ақпарат бойынша ғасырлар бойы ресейлік ғалымдар жинаған тұқым қоры 8 триллион долларға бағаланған.
Дана Нұржан, Шахзод Гамиров