Қымбат қолсағат шығаратындар табиғат туралы ойлана бастады
Әлемге танымал компаниялар қоршаған ортаға қамқорлық таныта бастаған.
Олардың арасында сағат өндірушілер де бар. Жалпы сән индустриясы өнім өндіруде экологияға зиян тигізетін заттарды мейлінше азайтуды көздейді. Тіпті 2050 жылға дейін өндірістегі зиянды қалдықтарды толық жоюды көздеп отыр.
Әлемде қымбат сағаттардың саудасы жанданды. Атақты брендтер сатылымы былтыр 2021 жылмен салыстырғанда 55 пайызға өскен. Женева қаласында Watches and Wonders бағалы сағаттар көрмесіне жиналған атақты компания өкілдері осылай дейді. Дегенмен, қазір өндіруші мекемелер сағат өнімін барынша экологиялық таза етіп жасауға тырысатын болған.
Швейцария
Гийом де Сейнес, компания басшысы:
- Hermes ұзақ мерзімді сапалы тауар шығаратын компания. Сағаттарының көбі қайта жөндеуге келетіндер. Кейбірінің пайдалану мерзімі 50, 60 немесе 80 жылға дейін болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді сағаттар жасау ежелден келе жатқан қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тәсіл.
2030, 2050 жылдарға дейін атақты брендтер экологияға зиянды қалдықтарды шығаруды 100 пайызға дейін азайту үшін білек сынаба кірісіп отыр. Анығын айтсақ, сағат баулары және қажетті заттар қоршаған ортаға залал келтірмейтін өнімдерден жасалмақ. Компаниялардың дені қайта өңделген метал және пластик қолдануды жоспарлайды. Кейбірі ерекше эмаль технологиясын пайдаланбақ.
Кристиан Випфли, Францияның көрме ұйымдастырушысы:
- Қазір түрлі жаңа брендер бар, стартап компаниялар десек те болады. Расымен, олар өндіруде түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Экологиялық таза өнімдер пайдаланады. Сағатарды қымбат бөлшектерден құрастыруды азайтып келеді.
Мамандардың айтуынша, қазір жаңа стартап компаниялар нарықта үлкен бәсеке туғызады. Сәкесінше, баға да құбылады. Мәселен, мына сағаттың құны 4 мың доллардан басталады. Ол ерекше дизайынмен жасалған, сапасы өте жоғары. Жалпы қалталы азаматтар арасында су өткізбейтін, соққыға төзімді сағаттар үлкен сұранысқа ие болады. Дегенмен, ежелгі құнды антиквариаттарды іздеп жүріп сатып алатын коллекционерлер де көп.
Гийом Кунц, сарапшы:
- Жалпы сағат жасайтын компаниялардың дейгейін анықтайтын арнайы мекемелер бар. Соған қарап баға да түрлі болып келеді. Негізі сағат құны оның пайдалану мерзіміне, жабдықтарына қатысты болады. Сондай-ақ, қымбат бөлшектерге ғана емес, оның тарихына да байланысты. Сатып алғанда берілетін сертификатта әдетте толық мәліметтер жазылады.
Мамандар әлемді жайлаған инфляция мен қаржы дағдарысына қарамастан, былтыр көптеген өндіруші компаниялар саудада рекорд орнатқан. Сағат өнеркәсібі федерациясының мәліметтері бойынша Швейцария сағаттарының экспорты былтыр өткен жылмен салыстырғанда 11% - ке өсіп, сауда айналымы 27 миллиард долларға жеткен.
Мақпал Сержанқызы