Австралия қатерлі ісікті high-tech көмегімен емдейді
Австралия ғалымдары 3D принтердің көмегімен қатерлі ісікті емдей бастады.
Олар жасап шығарған құрылғы адам денесіндегі зақымдалған жасушаларды немесе тамырларды қалыпқа келтіреді. Тірі жасушалар операция барысында ағзаға енгізіліп, қатерлі ісікті алып тастауға мүмкіндік береді. Шағын эндоскопқа ұқсайтын ең кішкентай аппараттың диаметрі 11 миллиметр. Жаңа құрылғыны 7 жылдан кейін жаппай қолданатын болады, дейді мамандар.