Қытай ауа райы талғамайтын спутниктер ұшырды
Бұл құрылғылар Жерді қашықтан зерттеп, жоғары сапада суретке түсіреді.
Спутниктер жабдықталған технологияға ауа райы мен жарық әсер етпейді. Қытай биыл 60-тан аса зымыранды ғарышқа ұшырып, 200-ден астам құрылғыны орбитаға шығаруды көздеп отыр. Жалпы Қытай елі белсенді түрде ғарыш кеңістігін игеруге әлдеқашан кіріскен. Ай мен Марсқа ғарыш кемелерін қондыру, жеке ғарыш станциясының құрылысы секілді жобаларды іске асырып, ғарыш державаларының біріне айналды.