Үндістанда еден опырылып, 35 адам қаза тапты

Үндістанда ғибадатханада еден опырылып құлап, 35 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға Индор қаласында жұрт Рама Навами мейрамын атап өту үшін жиналған кезде болған. Едендегі құдық қақпағы адамдардың салмағына төзе алмай, сынып кетті. Төмен құлаған 19 адам құтқарылды. Жиырмадан аса адам аурханаға жатқызылды. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 70-тен аса адам қатысып отыр.

Сондай-ақ...