АҚШ-та болған құйын үйлерді қиратып кетті
Американың Арканзас штатында құйын көтеріліп, орасан шығын әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғи апаттан әзірге 2 адамның опат болғаны белгілі. 600-ге жуығы зардап шеккен. Штат билігінің хабарлауынша, торнадодан әсіресе Литл-Рок қаласы жапа шеккен. Мұнда үйлер қирап, автомобильдер төңкеріліліп, ағаштар құлаған. 70 мың тұрғын жарықсыз қалды. Қазір құйын жайпаған аудандарды үйінділерден тазарту жұмыстары жүріп, тұрғындарды қаіпсіз жерге көшіріп жатыр.