COVID-19: Үндістанда 6 мың жаңа дерек тіркелді

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Кейінгі 2 тәулікте ел бойынша 6 мыңнан астам дерек тіркелді. Бұл жыл басынан бергі орташа көрсеткіштен 10 есе жоғары. Бұған қоса қауіпті инфекциядан 2 адам бақилық болған. Осыған байланысты тұрғындар шектеу шаралары қайтадан енгізіле ме деп қауіптене бастаған. Бірақ дәрігерлер алаңдауға еш негіз жоқ дейді.

Жалпы, Үнді елінде COVID-19-бен ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны әлі де төмен.

Айта кеткен жөн, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы биыл пандемия аяқталуы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Рандип Гулериа, Нью-Дели медициналық ғылымдар институтының профессоры:

- Қазіргі уақытта тұрғындар арасында ковид жұқтыру деректері артып жатқаны байқалады. Десе де аурухана түсіп жатқандар саны мен өлім-жіті көрсеткіші жоғары емес. Меніңше, қазір жағдайда мамандар бақылау жағын жөнге келтірсе жеткілікті. Вакцина алмағандар екпе салдыруы керек. Соның арқасында инфекция жұқтыру санын азайтып, оның таралуы тежеледі.