Испанияда орман өрті өршіп тұр

Испанияның солтүстігінде бірнеше күннен бері орман өрті лаулап жатыр.

Осы уақытқа дейін аймақта 120 өрт ошағы тіркелген. Лапылдаған жалынмен қазір 600-ге жуық маман күресіп жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, орман өрті қасақана қойылған. Өңір басшысы өзінің твиттердегі парақшасында бұл террористердің әрекеті екенін жазды. Осыған байланысты жергілікті полиция тергеу бастады. Әзірге нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Ал өртті сөндіруге аймақтағы аптап ыстық кедергі келтіріп тұр. Дамылсыз жел де жасыл желектің жануын тоқтатуға мұрша берер емес. Сондықтан апат аймағына жақын елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.