Пәкістанда ұн тарату кезінде 11 адам көз жұмды
Пәкістанның Карачи қаласында адамдар арасындағы қыспақтан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 60 азамат жарақат алды. Дені – әйелдер мен балалар.
Оқиға халыққа тегін ұн тарату кезінде болған. Анықталғандай, аталған мекеме басшылығы осы шараны өткізу бойынша жергілікті әкімшіліктен алдын ала рұқсат алмаған. Осыған байланысты кәсіпорынның 6 қызметкері қамауға алынды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.