Чилиде құс тұмауынан теңіз арыстандары қырылды

Чилиде құс тұмауынан теңіз арыстандары қырылып жатыр.

Су жануарларының өлексесі теңіз жағасына шығып қалған. Олардың қатты ыдырауына байланысты шаһар басшысы жуырда жақын маңдағы туристік аймақты жапты. Жалпы Чили жерінде қазір құс тұмауы өршіп тұр. Ауру жан-жануарлардан бөлек адамдарға да жұға бастаған. Жуырда 53 жастағы ер адамнан осы дерт анықталды. Қазір ол ауруханада жатыр. Әлгі азамат инфекцияны кімнен, қалай жұқтырғаны белгісіз. Істің мән-жайы анықталып жатыр.