АҚШ-тағы Салливан қаласын торнадо ойрандап кетті

Индиана штатында Салливан қаласын торнадо ойрандап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 адам опат болды. Ондаған үй қираған. Тұрғындар құлаған үйлерінің орнын аршып, қалған заттарын іздестіріп жатыр. Әкімшілік сағат кешкі 7-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізді.

Жалпы, торнадо бірнше штатта жүріп өткен. Қазірдің өзінде 20-дан аса адам опат болғаны белгілі.