Австралиядағы Сидней қаласын су алып кетті

Австралияның Сидней қаласында толасыз жауған нөсер тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су көшеге жайылып, қозғалысқа қиындық туғызды. Жергілікті тұрғындар үйлеріне су кірмеуі үшін құм салған қапшықтар сұрап жатыр. Билік құтқару жұмыстарына кіріскен.