Бірқатар ел доллардан бас тартты
Бірқатар елдер АҚШ долларын бас тартып жатыр.
Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады. Үндістан мен Малайзия екіжақты сауда келісімдерін үнді рупийімен жасауға уағдаласты. Сонымен қатар Индонезияда бас қосқан Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қауымдастығы алыс-беріс пен инвестиция тартуда аймақтағы ұлттық валюталарды қолдануға келісті. Олар "бұл халықаралық валюталарға тәуелділікті азайтып, ғаламдық дағдарыспен тиімді күреске жұмылдырады" дейді. Ал Латын Америкасы және Кариб теңіз бассейні қауымдастығының Жетінші саммитінде Бразилия мен Аргентина президенттері бірлескен келісімнің жасалғанын жария етті. Онда 2 елдің орталық оңтүстік америкалық валюта құру бойынша жұмысқа кіріскені айтылған.
Уан Ликсин, Қытайдың әлемдік алтын кеңесінің директоры:
- Олардың басты мақсаттары алтын қорын ұлғайту, актив резервін түрлендіру және АҚШ долларына және берешек болуға деген тәуелділікті азайту.