Парижде электросамокатқа тыйым салынады
Парижде электросамокаттарға тыйым салынбақ.
Жергілікті тұрғындардың 89 пайызы электр скутерлерінің жүруін қамтамасыз ететін операторлардың жұмысын жалғастыруға қарсы дауыс берді. Қала әкімдігі алдағы күндері 15 мыңға жуық электросомакаттың жалға берілуіне тыйым салмақ. Операторлардың "ережелерді сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш саламыз" деген уәделеріне қарамастан билік осындай шешімге келіп отыр. Полиция дерегіне қарасақ, былтыр Парижде әрбір үшінші адам осы скутер кесіренен көз жұмған. Ал жарақат алғандардың саны 500-ге жуықтапты. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 42 процентке көп.
Одри Кордье, дәрігер:
- Мен электр скутерлеріне қарсы дауыс бердім. Себебі олар жаяу жүргіншілерге аса қауіпті. Соңғы кездері Парижде жол-көлік оқиғасы сол скутерлердің кесірінен болады. Бұл жағдайды тоқтату керек.