Кхмер халқы арбаға өгіз жегіп жарысады

Камбоджаның Кампонг Спеу өңірінде өгіздер жегілген арбалар жарысы өтеді.

Бұл кхмер халқы сәуір айының ортасында тойлайтын Жаңа Жыл қарсаңында өтетін дәстүрлі шара. Кхмер халқының мәдениетінде осы арбалардың орыны бөлек. Ежелден бері діни рәсімдері мен тойларында қолданылып келген. Жүк пен адамдарды тасымалдау үшін қолданылған. Ескі дәстүрін сақтап қалу үшін, жаңа заманда өгіз жегілген арбалар жарысы ұйымдастырылатын болды.   

Норн Срейнин, жергілікті тұрғын:

- Әдемі арбалары ұнайды. Бұл кхмер халқының ежелгі мәдениеті. Оны сақтап қалу үшін жастардың үйренгені жөн.