Жапонияда сакура ел экономикасына зор пайда әкелмек
Гүлдеген сакура Жапония экономикасына 4,5 млрд доллар пайда әкелуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Наурыздың аяғында басталатын әдемі маусымды көзбен көру үшін көп турист келеді. Бірақ 1-2 жыл бұрын карантиндік шектеу шараларына байланысты ондай мүмкіндік болмаған. Жапонияда сакураның гүлдеуі көктемнің басталуын білдіреді. Оны жергілікті тұрғындармен қатар шетеліктер де асыға күтеді.