Рио-де-Жанейро қаласына дүлей дауыл келе жатыр
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласына экстратропикалық дүлей дауыл келе жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Күшті жел қазірдің өзінде алып толқындар тудырып жатыр. Елдің әскери-теңіз күштері толқындардың биіктігі 3 метрге жетуі мүмкін деп ескертті. Тіпті кейбір тұрғындар бұдан 15 есе үлкен толқындардың жағаға ұрып жатқанын айтады. Жуырда каналға құлап кеткен ер адам аман-есен құтқарылды.
- Жағалауға қарап тұрғанымда, бір адамның теңізге құлап түскенін көріп қалдым. Дереу полицияға хабар беріп едім, олар «біреу суға сүңгіп жүрген шығар» деді. Мен оған көнбедім.
- Нимейер жағажайындағы толқындардың биіктігі 50 метрден асты. Сондықтан аса сақ болуымыз қажет. Дауыл басылғанша, теңізге түспей қоя тұруымыз керек деп ойлаймын.
Перудің солтүстік-батысында толассыз құйған нөсер соңы тасқынға ұласты. Су басқан қалалардың тұрғындары баспанасын тастап, басқа жаққа кетіп жатыр. Өйткені олар үйіміз қирайды деп қорқады. Сондай-ақ адамдарға найзағай түседі деген қорқыныш бар.
- Жаңбыр бірнеше сағаттың ішінде үлкен тасқынға айналды. Су үйімізге дейін кіріп кетті. Іште қалсақ, электр тоғы соға ма деп қорқамыз. Оның үстіне мұндай кезде найзағай ойнап, үйлерімізде сызат пайда болатын.