ДАИШ көсемдерінің бірі оққа ұшты

ДАИШ көсемдерінің бірі оққа ұшты

ДАИШ көсемдерінің бірінің көзі жойылды. Бұл туралы АҚШ-тың Бас қолбасшылығы хабарлады.

Халид Айяд Ахмад әл-Джабури Сириядағы әуе операциясы кезінде оққа ұшқан. Ол Еуропада лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруды жоспарлап отырған деп айыпталған. Ресми Вашингтон әуе соққысы кезінде бейбіт тұрғындар тарапынан құрбандар мен жарақат алғандар болған жоқ деп мәлімдеді.