Әл-Ақса мешітінде шабуыл жасалды
Израиль полициясы Құддыстағы Әл-Ақса мешітінде таң намазына жиналған жамағатқа шабуыл жасады.
Палестинадағы "Қызыл крест" ұйымының хабарлауынша, бірнеше адам жарақат алған. Әзірге олардың саны белгісіз. Зардап шеккендер арасында әйелдер бар. Сондай-ақ еврей полициясы дәрігерлердің жаралы адамдарға дер кезінде көмек көрсетуіне кедергі жасаған. Израиль билігі мешітте жасырынған бүлікшілерді ұстау үшін ішке еріксіз кіргенін айтып ақталды. Бір тәртіп сақшысы аяғынан жарақат алған.