Миссури штатында торнадодан бес адам қаза тапты
АҚШ-тың Миссури штатында торнадо салдарынан 5 адам ажал құшты.
Тағы 5 тұрғын жарақат алған. Дүлей дауыл 87 ғимаратты қиратып, ағаштарды опырған. Күшті желдің екпіні сағатына 130 шақырымға жеткен. Сондай-ақ Иллинойс штатында да бірнеше адам жарақат алған. Билік қалпына келтіру жұмыстары көпке созылып, қомақты қаржы керек екенін айтады. Жалпы елдің оңтүстік және орталық-батыс өңірінде болып жатқан дауылдардан 32 адам көз жұмды.
Бобби Мастерс, жергілікті тұрғын:
- Жүк пойызының дауысына ұқсас ащы дыбыс естілді. Ойланып үлгіргенше, үйімді келіп соқты. Дәлізде тұрған ұлым ұшып түсті. Шошып қалған немелерім бақырып қоя берді. Бәрін бірден жуынатын бөлмеге апардым. Өте қорқынышты жағдай болды.