Еуроодақта демографиялық дағдарыс өршіп барады
Ғасыр соңына таман тұрғындардың саны 6%-ке қысқарып, 420 млн-ға дейін кемиді деген болжам жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған сәйкес 2100 жылы Еуроодақта қарттар көбейеді. Демографиялық көрсеткіштердің нашарлауына бірнеше себеп бар, - дейді мамандар. Қаржылық қиындықтардан қорқатын жастар отбасын құрып, балалы болуға асықпайтын көрінеді. Соңғы өткізілген санаққа сәйкес қазір еуропада 451 млн адам өмір сүреді.