Әлемде медицина қызметкері жетіспейді
Көп елде медицина қызметкері жетіспейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің есебі бойыншана 2030 жылға таяу салаға 10 миллион маман керек болады. Әсіресе кедейшілік жайлаған елдерде жағдай қиын. Мұндағы дәрігерлер жоғары жалақы іздеп, өзге мемлекеттерге кетіп қалады. Коронавирус та біраз әсер еткенге ұқсайды. Өйткені пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің жартысы күйзеліске түсіп, шаршағандарын айтқан. Себебі бар ауыртпалық соларға түскен. Біразы саладан кетіп қалды.