Бразилияда топан судан кейін тамақ тапшылығы сезілді
Бразилияның солтүстік-шығысын су басып жатыр.
Бірнеше күн толассыз құйған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты. Көлік қатынасы біржола тоқтады. Газ станциялар жабылып қалды. Адамдар қайықпен қозғалуға мәжбүр. Аймақта азық-түлік тапшылығы сезіле бастады. Қазірдің өзінде 8 мың тұрғын ең қажетті заттарға мұқтаж. Метеорологтар тағы жауын-шашын болады деп ескертті.
Джоао Медейрос, кәсіпкер:
- Біз сияқты бизнесмендерге өте қиын болды. Тауар жеткізу мүмкін емес. Жолдар жабылып қалғандықтан, азық-түлік жеткізу мүлде мүмкін болмай тұр.