Үндістанда жолбарыс тұқымы көбейді
Үндістанда жолбарыс саны 3 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – әлемдегі осы тектес аңдардың 75%-і. Мұндай өсімге 50 жыл бұрын басталған жануарларды қорғау бағдарламасының арқасында қол жеткен. Жоба қорықтарды сақтауға бағытталған. 1973 жылдан бері жолбарыстар аңшылардың кесірінен және мекендеу ортасының тарылу себебінен сирей бастаған. Үндістан тұқымды көбейту үшін жасанды зерде сияқты озық технологияларды пайдаланады. Сондай-ақ жануарлардың хал-ахуалы үнемі бақылауда болады.
Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі:
- Бұл жобаның сәтті болуы – біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін мақтаныш. Үндістан – табиғатты аялап ұстайтын мәдениетке ие ел. Сондықтан біз жабайы табиғатты қорғауда үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз.