Германияның Гамбург қаласын көк түтін басты
2 қоймадан өрт шығып, шаһарда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қауіпті аудандардан 140 адам эвакуацияланды. Мамандар ауаға тараған химиялық зиянды бөлшектер адам ағзасына аса қауіпті болуы мүмкін деп отыр. Қала тұрғындарына есік-терезелерді жауып, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес берілді. Жақын маңдағы теміржол станциялары жабылып, пойыздар діттеген жеріне кешігіп шыққан. Көлік қатынасы да тежелген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.