Мальта суға кеткелі тұрған кемені құтқармауға бұйрық берді
Жерорта теңізінде Грекия мен Мальта арасында 400-дей адамы бар кеме бір орында қалқып тұр.
Түнде Ливиядағы Тобрук қаласынан шыққан су көлігінің жанармайы таусылып, төменгі қабаты суға толып кетті. Капитаны тастап кеткендіктен оны басқаратын ешкім жоқ. Мұны телефон арқылы құтқарушылармен байланысқа шыққан кемедегі жолаушылар айтты. Теңіздің осы бөлігінде құтқару жұмыстарын өткізуге Мальта мемлекеті жауапты. Жақын аймақта екі сауда кемесі бар екен. Алайда Мальта билігі құтқару жұмыстарын жүргізбеуге бұйрық берді. Тек жанармаймен қамтамасыз етуге рұқсат етті. Күн жылынғаннан кейін теңіз асып, Еуропаны беттеген қайықтардың саны күрт артты.