Вьетнам астанасы Ханой қаласын көк түтін басты
Вьетнам астанасы Ханой қаласын көк түтін басты.
Ресми мәлімет бойынша, ауадағы зиянды қалдықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен нормадан 17 есе асқан. Сарапшылардың айтуынша, көліктен шыққан түтіннен бөлек, қураған шөп өртеніп, ауа қатты ластанған. Ханойда 8 миллионнан астам автомобиль тіркелген.
Хо Ци Цуаонг, Ханой қаласының тұрғыны:
- Кешегі күнмен салыстырғанда, бүгін шаң мен түтіннің кесірінен ауа ластанып тұр. Апта басталып, жолда көлік көбейді, жұрт жұмысқа шықты.
Таиландта туристік компаниялар шығынға батты
Көршілес Таиландта да жағдай мәз емес. Көктем сайын диқандар егін себуге алқаптарын дайындап, қураған шөп өртейді. Осының кесірінен айналаны көк түтін басады. Таиланд денсаулық сақтау басқармасы жұртқа, әсіресе егде жастағы адамдарға сыртқа шықпауға кеңес берді. Болмаса, бетперде таққан абзал. Ауаның ластануынан әсіресе туристік компаниялар шығынға батты.