Джо Байден президент сайлауына қатысады
Ақ үй басшысы Джо Байден 2024 жылы өтетін президент сайлауына қатысады.
Ол бұл ниетін жергілікті "Эн-би-си" телеарнасына берген сұхбатында жария етті. Байден саяси додаға Демократиялық партияның атынан түседі. Сондай-ақ осы саяси ұйымның атынан Камала Харрис те вице-президенттік лауазым үшін бағын сынап көрмек. Байден қараша айында 80 жасқа толады. Ол - АҚШ тарихындағы ең егде президент. Жақында жүргізілген сауалнамада Демократиялық партияға жақтас жұрт жасы келген саясаткердің сайлауда үміткер атануына алаңдайтынын ашық айтқан.