Бразилия президенті Лула да Силваның билікке келгеніне 100 күн болды

Бразилия президенті Лула да Силваның билікке келгеніне 100 күн болды

Бразилия президенті Лула да Силваның билікке келгеніне 100 күн болды.

Осы уақытта мемлекет басшысының саясатына қатысты жұрт пікірі екіге жарылды. Луланы біреулер жемқорлыққа батқан, тиімді реформалар жүргізуге қауқарсыз деп айыптаса, енді бірі оны нағыз көшбасшы дейді. Кейінгі үш айда елде жағымды өзгерістер болғанын алға тартады. Тұрғындар газ бен азық-түлік бағасы арзандағанын алға тартады. Лула да Силва былтыр президенттік сайлауда қарсыласы Жаир Болсонаруды 50,9 пайызбен басып озған еді. Оның оппонентін қолдағандар 49 проценттен сәл асқан.     

БЛИЦ:         

- Өз басым Луланы қатты сыйлаймын. Мықты саясаткер деп білемін. Ол халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін барынша күш салып жатыр. Елді 3 айдан астам уақыт басқарып келеді, оң өзгерістер бар.

- Оның билікке келгеніне көп уақыт өткен жоқ, сондықтан нақты айту қиын. Ол маған, ұнамайды, бұрын да елімізді басқарған еді.Халықтың ақшасын жеген адам, кезінде қаншама айып тағылған. Оған дауыс бергендер ақымақтар ғой.

- Ол бұрынғы басқарған кезін жиі айтады, сөзбен барлығын қатырады, ал іс жүзінде істеп жатқаны шамалы. Қазір елде экономика құлдырап, кәсіпорындар жабылып жатыр. Бұл фактіні ешкім жоққа шығара алмайды.