Әлем экономикасының дамуы баяулады
Соңғы көрсеткіштер сарапшылардың болжамына қарағанда әлдеқайда төмен.
Бұл туралы Халықаралық Валюта қорының өкілдері мәлім етті. Алайда сарапшылар қол қусырып отырмау керек дейді. Жағдай ақырындап тұрақталып келеді. Халықаралық валюта қорының таяуда жариялаған баяндамасына сәйкес, әлемдік Жалпы ішкі өнім биыл 2,8 пайызға артқан. АҚШ экономикасының өсімі 1,6 пайызға жеткен. Сарапшылар алдағы 3 жылда мұнай бағасы төмендейді дейді. Биыл бір баррель қара алтын 73 долларға дейін арзандаса, 2026 жылға қарай 65 доллар болуы мүмкін.
Пьер-Оливье Гуринша, Халықаралық валюта қорының экономисі:
- Қазір ғаламдық экономика пандемия мен Украинадағы қақтығыстардан кейін енді ғана қалпына түсіп келеді. Қытайдың белсенді компаниялары көп елге инвестиция сала бастады. Тасымалдау жүйесі ақырындап ретке келді, энергетикалық және өндіру нарығында айтарлықтай экономикаға кері әсер ететін толқулар жоқ деп айта аламыз.