Израиль әскері екі палестиналықты атып өлтірді
Еврей тарапының айтуынша, олар әскери бекетке оқ жаудырған.
Оқиға орнынан мылтықтар мен тапаншалар табылған. Палестина билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Жыл басынан бері түрлі қақтығыстан 90-нан астам палестиналық және 19 Израиль азаматы мен шетелдік көз жұмған.
Мохаммад Әбу Табет, журналист:
- Израильдің басқыншы әскері арнайы келген жедел жәрдем көлігі мен тілшілерді қанды оқиға болған жерге жіберген жоқ. Жарақат алғандар да бар. Бірақ олардың нақты санын біле алмай отырмыз.