Мьянма әскері өз елінің 100 адамын қырып салды
Мьянма әскері әуе шабуылын жасап, 100 адамды қырып салды.
Бұл туралы «Ассоушейтид Пресс» агенттігі хабарлады. Жергілікті демократиялық ұйым мен тәуелсіз ақпарат құралдарының мәліметінше, құрбандар арасында әйелдер мен 30 бала бар. Ажал құшқандар басқарушы әскери режимге қарсы саяси топтар өткізген жиынға қатысқан. Әскерилер билікті былтыр ақпан айында басып алғаны белгілі. Содан бері олардың қолынан 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған.