Эквадорда 9 балықшы оққа ұшты
Эквадордың солтүстігінде 30-ға жуық қарулы адам теңіз айлағына шабуыл жасап, 9 балықшыны атып өлтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы бірнеше кісі жарақат алған және 2 адам суға секіріп, аман қалған. Полиция мен әскер өзге балықшылар мен саудагерлерді қауіпсіз жерге көшірді.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жасалған Эсмеральдас шаһары – Эквадордағы есірткі саудасы, бопсалау және басқа қылмыстармен аты шыққан қала.